Қырықкүрзі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Қырықкүрзі – орта ғасырдағы шағын қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жуалы ауданы, Шақпақ ата ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 км жерде.

Сипаты

1940 жылы Жамбыл археологиялық пункті (жетекшісі Г.И. Пацевич) зерттеген.
Бұл – тік бұрышты төбешік. Көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 114 м, батыстан-шығысқа қарай 220 м. Айнала топырақ үйіндісімен қоршалған, үйіндінің батыс және шығыс бетінде 11, оңтүстік және солтүстік бетінде 17 мұнара бар. Мұнаралардың биіктігі 1 м-ден 1,5-ге дейін, ал диаметрі 10-11 м.
Қырықкүрзінің археологиялық зерттеу жұмысын жүргізуде тарихи маңызы бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте