Жікіл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жікіл (Шігіл) — Тараз қаласы маңындағы ортағасырлық қала орны.

Тарихи деректер

Араб географы Мұтаххар әл-Мақдиси: Үлгі:Дәйексөз
Жікілде XII ғасырда өмір сүрген, мұсылман дінін уағыздаушы Әбдрахман әл-Мұхаммед ибн Яхия туған деген де мәліметтер бар. Александр Натанович Бернштамның пікірінше, Жікіл Ыстықкөл мен Тараздың маңын мекен еткен түріктердің Жікіл тайпасының атымен аталған. Қала алғашында жікіл тайпасы қоныстанған елді мекеннің орнында қалыптасса керек. Тараздың оңтүстік-шығысынан 3 км жердегі Жалпақтөбені кезінде Г.И.Пацевич Жікілдің орны деп анықтаған.

Сипаты

Қазіргі кезде Жалпақтөбеде каланың шахристаны мен цитаделі ғана сақталған. Жалпы ауданы 1 гектарға жуық, мәдени қабатының биіктігі 1—1,5 метр. Жалпақтөбеде 1960-63 жылы Т.Н. Сенигова басқарған Тараз Археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Шахристанда жүргізілген қазба жұмыстары барысында қабырғаларының тұғыры жұмыр қойтастардан қаланып, жоғарғы жағы көлемі 40x42x10, 25x35x8 см кесектерден соғылған көптеген үйлердің орындары аршылды. Олардың сары балшықпен сыланған едендерінен ошақтың және айналасы кесекпен өрілген астық сақтайтын шұңқырлардың орындары қазылды. Зерттеу кезінде табылған бұйымдар (қыш ыдыстар, дән үгіткіштер, Түргеш қағанаты кезіндегі теңгелер, темірден жасалған жебенің ұштары, т.б.) Тараз қаласының VII-XIX ғасырларға жататын құрылыс қабатынан шыққан заттарға өте ұқсас.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Үлгі:Кітап</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері