Жаманқара Тоқсанның күмбезі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:54, 2022 ж. желтоқсанның 9 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Күмбез.JPG
Жаманқара Тоқсан кұмбезінің сыртқы көрінісі
Жаманқара тоқсанның күмбезі - 19 ғ-да тұрғызылған мазар. Қаракеңгір өзенінің (Орталық Қазақстан) оң жағасында орналасқан. Мазарды салған сәулетші Әбіш Құнанқараұлы. Композициялық құрылысы жағынан өзге күмбездерге ұқсамайды. Жобасы "крест" түрінде жасалған. Сондықтан төрт беті бір қалыптас, қай жағынан қарасада бірдей болып көрінеді. Кіретін ауызы сүйір арқа түрінде келіп, оңтүстікке қараған. Өзге беттерінде михрабқа ұқсаған жалған есіктері бар. Арканың екі жақ босағасына жұмыр кірпішпен қос бағана әріп шығарған. Көзге ерекше түсетіні - басқұр өрнегімен тартқан сыртқы белдеулері (фриз). Жаманқара тоқсанның күмбезі бес күмбезді. Оның төртеуі крест жобаның бүйір қабаттарына орнатылса, ең биігі ортасына қойылған. Күмбездердің түрі шошақ, олардың қалауын "жалған еңсе" шығару әдісімен жүргізген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify