Шатбай мазары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:49, 2019 ж. қарашаның 11 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шатбай мазары — сәулет өнері ескерткіші. Шатбай мазары Қызылорда қаласының оңтүстік-батысынан 115 км қашықтықтағы Жаңадария өзең арнасында орналасқан. С.П. Толстов басқарған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедиция (1946, 1959) зерттеген. Ауд. 6,76,7 м, қабырғасының биіктігі 3 м. Мазардың төбесі күмбезделіп, күйдірілген кірпіштен жасалған. Биіктігі 6 м, оң жақ қақпасы әшекейленген. Қақпаның биіктігі 1,7 м, ені 60 см. Күмбездің жоғары жағына терезе орнатылған. Қабырғалары алебастрмен сыланып, бояумен өрнектеліп сырланған. Оң жақ кіре беріс қабырғада сәнді киінген салт атты 7 адамның бейнесі, ал сол жағында қоян аулаған аңшы мен түлкі алған тазының суреті салынған. Мазар 19 ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріне жатады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Пайдаланған әдебиет

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify