Артикуляция

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:15, 2024 ж. ақпанның 11 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Артикуляция (лат. artіculo — бөлу), музыкада — музыкалық аспапта немесе әуенді дауыспен орындағанда үн шығару әдісі. Артикуляцияның 3 түрі бар:

  • үнді байланыстыра (legato),
  • бөле (nоn legato),
  • қысқарта (staccato) шығару.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Артикуляция сөз арқылы (legato, pіzzіcato, tenuto, portato) немесе өзіне тән жазба таңбалармен белгіленеді: лига, нүкте, сызықша, т.б. Сонымен қатар, артикуляция деп ән айту кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды айқындап айтуды да атайды.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала