Аталық Әбдешұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:06, 2024 ж. желтоқсанның 13 кезіндегі Сейлхан Бекзат (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Жазушы Аталық Әбдешұлы (13 қазан 1945, Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы) - ақын, публицист, сатирик.
Өмірбаяны
- Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
- Маңғыстау облыстық телевизиясында аға редактор, облыстық «Маңғыстау» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеген.
- 1991 жылдан қазірге дейін (2024 ж.) Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік тіл аудармашысы-сарапшысы болып істейді. Облыстың мемлекеттік органдарында іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруге, қалыптастыруға және қолданылу аясын кеңейтуге лайықты атсалысқан.
- Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Шығармалары
- «Мен де бір қазақ:...»
- «Іздеген бақты ісімнен»
- «Жарық дүние жымию үшін де жаралған», «Айдынды аймақ Маңғыстау», «Годы и судьбы», «Адамдар. Қадамдар...», «Екі ауыз сөз», «Пайымдарым» атты кітаптары жарық көрген.
- Поэзиялық шығармалары «Маңғыстау ақын-жазушыларының» 50 томдығына енген. Оның поэзиялық, сатиралық және публицистикалық шығармалары республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жарияланып келеді.
Марапаттары
- «Үздік аудармашы» Тұңғыш республикалық конкурсының жүлдегері.
- «Бойтұмар» және «Бойтұмардың оралуы» көркем фильмі сценарийінің (режиссер-авторы І.Сәрсенғалиев, А.Әбдешұлы) авторы. Аталған фильмдер «Туымыз – Тәуелсіздік» шығармашылық фестивалінде 1-ші орынға, «Каспий – достық теңізі» Халықаралық фестивалінің Дипломанты атағына ие болған.
- Адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен
- «Астанаға 10 жыл»;
- «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл»;
- «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»;
- «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл»;
- «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалдарымен;
- Мемлекеттік нагарада –«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2001 ж.);
- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2019ж.) марапатталған.
Дереккөздер
Санат:
- 13 қазанда туғандар
- Байғанин ауданында туғандар
- Қазақстан ақындары
- Қазақстан сықақшылары
- Қазақстан көсемсөзшілері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалінің иегерлері