Орыстар қазақ әдебиеті туралы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:18, 2015 ж. сәуірдің 28 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
«Орыстар қазақ әдебиеті туралы» («Русские о казахской литературе») - әдеби-сын мақалалар жинағы. Қазақ мемлекеттік баспасынан 1957 ж. орыс тілінде жарық көрген. Құрастырған Ә. Әлімжанов. Жинақтың «Абай Қунанбаев» бөлімінде: Л. С. Соболевтің «Абай Қунанбаев», Л. М. Леоновтың «Абай Құнанбаев туралы» мақалалары орын алған. Бұл мақалаларда Абайдың орыс классикалық әдебиеті дәстүрлерімен байланысы сөз болады. Кітап көлемі 8,75 баспа табақ, 500 дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>