Қыз алып қашу
Қыз алып қашу — Кавказда, Қырғызстанда, Қазақстанда<ref>Үлгі:Мақала</ref>, Эфиопияда және осындай әдет-ғұрыптар сақталған басқа елдерде кең таралған қалыңдықтарды ұрлау және мәжбүрлеп үйлену тәжірибесі. Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінде бұл заңды неке емес, қылмыс болып саналады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Халқымыздың дәстүрінде бұрын екі жас құда түсу жолымен, яғни әке таңдауы мен келісімі арқылы қосылған. Дегенмен кейбір жігіттер өзінің сүйген қызын алып қашу арқылы қосылған кездері де болған. Кейде оның арты үлкен жесір дауына айналған, өйткені ол кезде басы бос қыз бола бермеген. Олар ерте айттырылатын.
Қосымша мәлімет
Тарихтан белгілі болғандай, Қалқаман Мамырды, Кебек Еңлікті алып қашып қосылған. Әрине, оның арты қайғыға ұласқаны белгілі. Абайдың інісі, Құнанбайдың оқыған ұлы Халиолла Өскенбаев (1849-1870) өзінің сүйген қызын алып қашқан, бірақ қатал заман шешімі оларды қайта айырып жіберді.<ref>Қазақ халқының салт-дәстүрлері. - Алматы: "Алматыкітап баспасы" ЖШС, 2014 жыл</ref>