Грекия — Қазақстан қатынастары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:27, 2025 ж. маусымның 17 кезіндегі Mheidegger (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Халықаралық қатынас Грекия — Қазақстан қатынастарыҚазақстан Республикасы мен Грекия Республикасының екіжақты дипломатиялық қатынастары.

Тарихы

Қазақстан мен Грекия арасындағы қатынастар орнағанға дейін құрамында Қазақ КСР-і бар КСРО-ның Грекиямен дипломатиялық қатынастары болған. Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың қазан айында орнатылды. Грекияның Қазақстандағы Елшілігінің ашылуы 1997 жылғы ақпанда өтті, 2005 жылғы қаңтарда Қазақстанның Грекиядағы Дипломатиялық миссиясы ашылды, 2009 жылғы мамырда елшілік болып қайта құрылды. 2012 жылғы сәуірден бастап Грекияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е. Пантзопулос, ҚР Грекиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі — Алексей Юрьевич Волков болып табылады<ref>Сотрудничество Республики Казахстан с Греческой Республикой Үлгі:WebarchiveҮлгі:Ref-ru</ref><ref>Приветственное слово Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Греческой Республике Волкова Алексея Юрьевича Үлгі:WebarchiveҮлгі:Ref-ru</ref>.

Сапарлар

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Грекияда 2001 жылдың шілдесінде<ref>Үлгі:Кітап</ref> және 2004 жылдың тамызында, 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында болды<ref>Үлгі:Кітап</ref>. 2002 жылғы маусымда Грекия Президенті Константинос Стефанопулос Қазақстанға сапармен келіп, өз сөзінде екі елдің қарым-қатынасын одан әрі дамытуды қолдады.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Кітап</ref>

Әріптестік

Қазақстан мен Грекия арасында экономикалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. 2006 жылғы шілдеден бастап бірлескен қазақстан-грек министрлераралық комитеті мүшелерінің кездесулері өткізіліп, парламентаралық қатынастар да дамуда. Қазақстанда 10-нан 12 мыңға дейін грек қауымының өкілдері тұрады, олар Қазақстан мен Грекияның Достық федерациясын құрайды, өз газетін шығарады және түрлі әлеуметтік-мәдени іс-шаралар өткізеді. Қазақстан адам құқықтары туралы еуропалық конвенцияларға қосылуға мүдделі, соның салдарынан Қазақстан мен Еуроодақтың жақындасу процесінде Грекияның қолдауына ие<ref>Казахстан и Греция договорились об укреплении сотрудничества в правовой сфере Үлгі:WebarchiveҮлгі:Ref-ru</ref>.

Қазақстан Еуропалық одақпен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі, соның салдарынан Қара теңізден Болгария арқылы Грекияға, Эгей теңізінің жағасындағы Александрополис портына мұнай жеткізу үшін Бургас — Александрополис құбырының құрылысын қолдайды, бұл Қазақстанға Босфор мен Дарданеллді кесіп өтпей, Оңтүстік және Батыс Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік береді<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Қазақстанның Грекиядағы елшілері

  1. Б. Сәрсенбаев (2005-07)
  2. С. Нұртаев (2007-09)
  3. С. Нұртаев (2009-2015)
  4. А. Волков 2016 жылдың сәуірінен бастап

Грекияның Қазақстандағы елшілері

  1. Контантин Тритарис 29/09/1997-17/05/2000 (Алматы)
  2. Николаос Хатупис 07/06/2000-22/01/2005 (Алматы)
  3. Христос Контовунисиос 19/02/2005-12.09.2008 (Алматы)
  4. Евангелос Денаксас 11/12/2008-31/03/2011 (Алматы-Астана )
  5. Эфтимиос Пандзопулос 28/12/2011 - 10/07/2016
  6. Александрос Катранис 13/07/2016-31/8/2019 (Астана)
  7. Адам-Георгиос Адамидис 22/9/2019-сегодня (Астана)

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Қазақстанның халықаралық қатынастары