Қаратау ырғайы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:46, 2022 ж. наурыздың 15 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox

Қаратау ырғайы (лат. Cotoneaster karatavicus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 1,5 м болатын бұта түрінде кездеседі.
  • Жапырақтары ұзынша жұмыртқа тәріздес, түп жағы жіңішке сына тәрізденген.
  • 3-6 гүлі қысқа әрі тығыз дәнжарнақты гүлшоғырына топталып, қалың гүлсағаққа орналасқан.
  • Жемісі ашық қызыл түсті, жұмсақ.
  • Тұқымынан көбейеді. Мамыр-шілдеде гүлдеп, шілде-тамыз айларында жеміс береді.

Өсетін жері мен таралуы

Қаратау жотасының (Батыс Тянь-Шань) оңтүстік және орталық бөлігінде, тастақты және ұсақ тасты баурайында және шатқал түбінде кездеседі. Тез көбейеді, бірақ аумақты шаруашылық қажеттілікке, мал жайылымы және отын ретінде пайдаланғандықтан, саны тез азаюда. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер