Куала-Лумпур

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:23, 2024 ж. қыркүйектің 6 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен Куала-Лумпур (Үлгі:Lang-ms) – Малайзия елінің астанасы, Малакка түбегінің оңтүстік-батысында орналасқан қала. 2009 жылғы мәлімет бойныша қала тұрғын саны 1 790 000 адамды құрайды. 2017 жылдан бері қала мэрі Ниш Хишам Ахмад Дахлан.

Тарихы

Куала Лумпурдің негізі 1857 жылы қаланады. 1880-1978 жылдар аралығында – Селангор астанасы болады. Куала Лумпур 1972 жылдың 1 ақпанынан бері сити (ағыл. city) мәртебесіне, 1974 жылдан бері – Федеральді территория мәртебесіне ие<ref>Погадаев, В. А. Куала-Лумпур. — в Малайзия. Карманная энциклопедия. М.: Муравей-Гайд, 2000, с. 31</ref>.

Экономикасы

Қала мемлекеттің сауда-өнеркәсіптік және қаржы орталығы болып табылады<ref>Мемлекеттің экономикалық және қаржы орталығы Үлгі:Webarchive</ref>. Қала және қала маңында каучук, пальма майы және басқа да тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар бар. Сондай-ақ кәсіпорындар электротехникалық және электронды заттар, ауылшаруашылық құрал-жабдықтар мен металл өндіріп, автомобиль жинаумен айналысады.

Ұлттық құрамы

Қала тұрғындары малайлар, қытайлар, тамильдер, малаялар, телугулер, бенгалдар, джакундар, ибандардан және сеноилардан тұрады.

Білім

Қалада екі университет (Малайзия Технология Университеті және Малайя Университеті) жұмыс істейді.


Өнер және мәдениет

Туризм

Сурет:Petaling Street Gate.jpg
[Петалиң көшесіндегі Чайнатаун

Қал аэкономикасында туризм жетекші орын алады. Қалада әлемдік танымал қонақ үйлер орын тепкен. Куала Лумпурға жыл сайын 8.9 миллион турист келеді, осылайша ол әлемдегі ең көп турист баратын алтыншы қала болып табылады.<ref>http://www.enjoyourholiday.com/2011/04/18/top-10-most-visited-cities-in-the-world/</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> Куала Лумпурде Мердека алаңы, малайзия Парламент үйі, Петалиң көшесі, Ұлттық сарай (Istana Negara), Куала Лумпур мұнарасы, Малайзия ұлттық мұражайы, Орталық базар, Ұлттық монумент,және Жәмек мешіті Бату үңгірлері сияқты діни орындар негізгі туристік нысандар болып табылады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Азия елордалары