Мандер Карел ван

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:15, 2011 ж. қарашаның 26 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мандер Карел ван (Mander, Karel van) (мамыр 1548 жыл, Мёлебеке, Фландрия, Испандық Нидерланд — 2 қыркүйек 1606 жыл, Амстердам), голландтық суретші, ақын әрі жазушы. <ref> "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)</ref>.

Ақсүйектер отбасында дүниеге келді, ұзақ уақыт бойы саяхат жасағаннан кейін, 1583 жылы Харлемге қоныстанып, X.Гольциуспен және Корнелис ван Харлеммен (1562—1638) бірігіп, табыскер сурет академиясының негізін қалайды.

15-16 ғасырларда 175-ке жуық голландтық, фламандтық және неміс суретшілерінің өмірбаянынан тұратын «Книга о художниках» (1604) атты еңбегімен танымал, ДЖ. ВАЗАРИДІҢ «Жизнеописания» еңбегі Италия үшін қандай дәрежеде болса, бұл еңбек Солтүстік Еуропа мемлекеттері үшін сондай дәрежеде болды.

Дереккөздер

<references> Үлгі:Суретсіз мақала