Сапар Халилұлы Аманбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Сапар Халилұлы Аманбеков (1959 жылы 28 қаңтарда Тәжік КСР Октябрь ауданында туған) - бұрынғы Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары.

Отбасы

Әкесі - Аманбеков Халил Аманбекұлы, марқұм, физика және математика пәндерінің оқытушысы болған. Анасы - Қазиева Дана (1941 ж. т.), зейнеткер.

Өмірбаяны

Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын бітірген (1981), инженер-құрылысшы.

1974-1975 жылдары - Шымкент облысы Жетісай ауданының Ленин атындағы мақта өсіру көңшарында ауыл шаруашылық жұмысшысы.

1981 жылдан - ӨзКСР «Жизақоблжөндеуқұрылыс» ЖМК-10 жұмыстар атқарушысы.

1982 жылдан - Шымкент облысы Жетісай ауданының Ленин атындағы мақта өсіру кеңшарында жүмысшы, шебер.

1984 жылдан - Жамбыл облыстық коммуналдық комбинатының бас инженері.

1988 жылдан - «Облжылукоммунэнерго» ЕТҚ қазандығының бастығы (Жамбыл қалысы).

1990 жылдан - Жамбыл қаласының шаруашылық есептік жобалау-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросы бастығының орынбасары.

1991 жылдан - Жамбыл көп салалық коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының бастығы.

1998 жылдан - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының мемлекеттік коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының өндірістік-экономикалық бөлім бастығының м.а., абоненттік қызмет бастығы, бас инженері.

2000 жылдан - «Өзенинвест» МҚК бас инженері, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, директоры (Жаңаөзен қ.).

2005 жылдан - Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары м.а., әкімнің орынбасары.

2009 жылдан бері - Маңғыстау облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы.

Жеке өмірі

Ұлты - Қазақ. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан).

Әскери атағы - запастағы капитан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub