Кацнельсон Абрам Исакович

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:23, 2014 ж. сәуірдің 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Кацнельсон Абрам Исакович (1913 жылы туған) – украин халық ақыны, әдебиет зерттеуші, аудармашы. «Күн тамшысы», «Піскен жемістер», «Тіршілік үшін», «Ашық күндер», «Бұтадағы бұлбұлдар», «Боранда», «Достық әні» т. б. кітаптарымен украин оқырмандарына жақсы танымал. Кацнельсон поэзияның теориясына арналған «Өлең сөздің сұлулығы мен күші», «Прометей отының шыншылдығы», «Поэзия және ақындар туралы», «Поэзия- менің махаббатым» атты бірнеше кітаптар шығарған. «Еврей халық поэзиясы» атты аударма кітабы үшін М. Т. Рыльский атындағы сыйлық алған. Кацнельсон 1974 ж. «Дніпро» баспасынан шыққан «Абай Құнанбаев»жинағына енген ақынның «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Байлар жүр жиған малын қорғаштап.. ,»атты өлеңдерін аударған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub