Түсіпқалиев Балаш
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:16, 2021 ж. қыркүйектің 6 кезіндегі InternetArchiveBot (Талқылауы) істеген түзету
Түсіпқалиев Балаш (1944 ж.т., Алматы облысы) – медицина ғылымының докторы (2001), профессор (2002). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1969, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті Үлгі:Webarchive) бітірген. 1975 жылдан Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2000 ж. «Формирование здоровья матери и ребенка в условиях реальной санитарно-гигиенической ситуации Западного региона Казахстана» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Бірнеше ғылыми жарияланымның авторы. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
- <references/>