Алмас Ермекұлы Серкебаев
Үлгі:Музыкант Алмас Ермекұлы Серкебаев (31 наурыз 1948 ж.т., Алматы) — композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1984).
Өмірбаяны
Керей руынан шыққан.<ref>Казахская политическая и интеллектуальная элита: клановая принадлежность и внутриэтническое соперничество – тема научной статьи по истории и историческим наукам читайте беспла...</ref>
1966 ж. музыкалық мектебін, 1973 ж. Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) композиция (Г.Жүбанованың класы бойынша) бөлімін бітірген.
1973 - 74 ж. осында стажер-зерттеуші, 1974- 78 ж. стажер-ассистент, 1982 жылдан Қазақстан Композиторлар одағының дыбыс жазу қабинетінің меңгерушісі болды.
Еңбектері
С. симфониялық, аспаптық-камералық, вокалдық және эстрадалық жанрда еңбек етті. Оның камералық оркестрге арналған "Шалқыма" (1974), "Кербез" (1976), "Отырар" (1979), "Шертпе күй" (1982); "Хорлан", "Мәңгі өшпес даңқ" (1974) атты вокалдық шығармалары; "Ақсақ құлан" балеті (1975) мен "Маугли, менің бауырым" рок-опера-балеті (1982), т.б. бар.
Марапаттары
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (1986).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>