Дәнеш Рақышев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:12, 2026 ж. сәуірдің 21 кезіндегі ~2026-24479-27 (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Музыкант Дәнеш Рақышев (1926-1992) - қазақ әншісі әрі сазгер.
Өмірбаяны
Дәнеш Рақышев 1926 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Талды ауылында дүниеге келген. Жас Дәнеш алғашқы музыкалық өнерін әнші, домбырашы, гармонист - әкесі Рақыштан алады. Кейін Дәнештің күйші болып қалыптасуына шешуші рөл атқарған белгілі Әсет ақынның шәкірттерімен тығыз араласады. Д.Рақышев өнерге деген жолын көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысудан бастады.
- 1944-45 жж. Шығыс Түркістанның жас өнерпаздар тобының құрамында көптеген ауылдарды аралап, өнер көрсетті.
- 1945 жылы Д.Рақышев Құлжа ұйғыр-қазақ драма театрының (ҚХР) актері болып орналасып, Әбдірахман (Б. Майлин “Шұға”), Жапал, Қалқаман (М. Әуезов “Еңлік — Кебек” пен “Қалқаман — Мамыр”), т. б. сахналық бейнелерді сомдады.
- 1946-49 жылдары осы театрда қазақ бөлімшесін басқарды.
- 1959 ж. Қазақстанға оралғаннан кейін бұрынғы Талдықорған облысы Панфилов ауданындағы “Октябрьдің 40 жылдығы” халық театрының режиссері қызметін атқарды.
- 1968 жылдан Талдықорған филармониясының әнші-солисі және осындағы “Тамаша әзіл-сықақ кеші” тобының жетекшісі болды. М. Ержанов, Ж. Елебеков сияқты әншілердің орындаушылық дәстүрін жалғастырды. Р. репертуарында: Үкілі Ыбырайдың “Аңшының әні”, Әсеттің “Ардақ”, “Мақпал”, “Атым Әсет”, “Хисмет”, “Аха-ау, жалған”, “Жайқоңыр” әндері, қазіргі қазақ композиторларының әндері бар. Р. “Шаттық толқыны”, “Мақтанышты елім бар”, “Жас қайрат”, “Жер сұлуы Жетісу”, “Комсомол”, “Саясында алманың”, “Жеңеше”, “Туған жер”, “Алматым”, т. б. әндерін шығарған.
- 1976 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, 1986 жылы Қазақ КСР халық әртісі атағын алды.
Дәнеш Рақышев 1992 жылы қайтыс болған. Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылының зиратында жерленіп, ескерткіш тақта орнатылған.