Исраил Сапарбай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
02:06, 2025 ж. қыркүйектің 22 кезіндегі Nurken (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жазушы Исраил Сапарбай (15 мамыр 1941 жыл, Самарқан облысы18 шілде 2025 жыл) — кеңестік және қазақстандық ақын, драматург, аудармашы, сазгер, «Платина Тарланы» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, Парасат орденінің иегері (2012).

Толығырақ

Исраил Сапарбай 1941 жылғы 15 мамырда Кеңестік Өзбекстандағы Самарқан облысының Кушрабад ауданында дүниеге келген. Ол қоңырат тайпасы Көтенші руының Маңғытай бөлімінен.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

  • Шымкент педогогикалық институтының филология факультетін бітірген соң бірнеше жыл «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жұмыс істеген.
  • 1973–1975 жылдары Алматы Жоғары партия мектебін бітірді.
  • 1976–1983 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші қызметін атқарыл, 1983 жылы «Жалын» баспасына аға редакторлыққа ауысқан.
  • 1984–1985 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде поэзия бөлімінің меңгерушісі
  • 1985–1992 жылдары «Жазушы» баспасында поэзия бөлімінің меңгерушісі, одан соң «Қазақфильм» телестудиясы бас редакторының орынбасары
  • 1997–1998 жылдары Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері бойынша Департаментінің I хатшысы
  • 1998–1999 жылдары Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан елшіліғінде ІІ хатшы қызметтерін атқарды. Алғаш бір топ өлеңдері 1975 жылы « Көктем тынысы» ұжымдық жинағын-да жарық көрді. Республикалық «Жалын» бәйгесінің жүлдегері. 70-ке тарта әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерінің авторы. «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», Абай-Тоғжан», «Сығай серенадасы», «Махаббат мейрамы» пьесалары театр сахнасында қойылып жүр.

Шығармалары

Сапарбай шығармалары қатарында: «Аққу арман» (1976), «Раушан ғұмыр» (1978), «Бозқараған» (1980), «Қызыл-жасыл дүние» (1984), «Жүрегіме ұя салған қарлығаш. Өлеңдер» (1986), «Қызыл жел. Өлеңдер» (1998), «Ғашықтың тілі. Өлеңдер», «Махаббат пен Ғадауат. Өлеңдер» мен «Тар төсекте төсіңді» болды.<ref>Үлгі:Кітап</ref><ref>Үлгі:Кітап</ref>

Марапатттары мен атақтары

  • Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің лауреаты
  • Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының лауреаты
  • I.Жансүгіров атындағы сыйлықтың және Ж.Жабаев атындағы халықаралық сыйлығының иегері
  • Астанаға 10 жыл медалі (2008)
  • Парасат ордені (2012)
  • Шымкент қаласының құрметті азаматы.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер