Самат Исмайылұлы Нұрсапаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:56, 2022 ж. шілденің 28 кезіндегі ДолбоЯщер (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Нұрсапаев Самат Исмайылұлы (14.3.1947 жылы туған, Панфилов ауданы, Шежін ауылы) — мүсінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1979). 1968 ж. Алматы көркемсурет училищесін (Т.Досмағамбетов шеберханасы бойынша) бітірген. 1979-92 ж. Жамбыл (Тараз) қаласында, 1992-2002 ж. Талдықорған қаласындағы шығарм. ұйымдарда жұмыс істеді. Қазір Панфилов ауданының Шежін ауылындағы Этнографиялық-тарихи көркемөнер паркін жасауда. Осы ауылдың түлегі, Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеевтің туындыларындағы персонаждарды табиғи қой тастарды қашап, Елшібек, Батай батырларға арналған ескерткіш-белгілер өрнектеді. Нұрсапаев туындылары бірнеше рет республика, халықаралық көрмелерге қатысып, "Искусство молодых художников" атты альбомға (М., 1980; 1986) енгізілді.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub