Қамар Қасымов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:39, 2018 ж. мамырдың 29 кезіндегі Zhibek2003 (Талқылауы) істеген түзету
Қамар Қасымов (1893, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 14 маусым, 1966, Алматы) - музыка аспабын жасаушы шебер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1958 ж.).
Өмірбаяны
Қасымов қазақтың дәстүрлі көне музыкалық аспаптарын жетілдіру ісімен айналысқан тұңғыш органолог. Ол XX ғасырдың 1920 - 1930 жылдарындағы мәдени бетбұрыстардың бел ортасында болып, көне қылқобызды, сал-серілердің тоғыз пернелі қара домбырасы, дауылпаз бен шыңдауылды, сыбызғыны классикалық аспап дәрежесіне дейін жетілдіріп, оркестрлік шығармаларды орындауға лайықтап жасады. Ол жасаған аспаптар көптеген халықаралық көрмелерге қойылды. Қасымов жасаған музыкалық аспаптар Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Семей қалаларындағы мұражайларда сақтаулы.
Марапаттары
- "Еңбек Қызыл Ту" ордені
- медальдармен марапатталған.
- Моңғолия үкіметінің ең жоғары "Алтын гадс" орденімен марапатталған.
- Баян-Өлгей аймағының құрметті азаматы атанған. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
Санат:
- 1893 жылы туғандар
- Баянауыл ауданында туғандар
- 14 маусымда қайтыс болғандар
- 1966 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері
- Музыка аспабы шеберлері
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- Алтын гадс орденінің иегерлері
- Баян-Өлгей аймағының құрметті азаматтары