Жанат Әнуарбекұлы Байжанбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жанат Әнуарбекұлы Байжанбаев (1961 жылы 5 тамызда Алматы қаласында туған) - актер, Қазақ.
- Әкесі - Байжанбаев Әнуарбек, марқұм, Орталық радио және телевидениеде диктор болып жұмыс істеген. Анасы - Байжанбаева Гүлжауһар, марқұм, «Социалистік Қазақстан» газетінде жұмыс істеген.
- Т.Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркем-өнер институтының актерлік факультөтін бітірген (1982), театр және кино актері.
- 1982 жылдан бері - «Қазақфильм» киностудиясының актері (қазіргі - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ).
- 2002-2004 жылдары - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК киностудиясында актерлік бөлімнің бастығы.
- КСРО Кинематографистері одағының мүшесі (1987 жылдан).
- Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2005).
- Үйленген. Жүбайы - Байжанбаева Гүлнар (1959 жылы туған).Қыздары - Байжанбаева Диляра (1983 жылы туған); Байжанбаева Рамина (1991 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>