Виктория Джастис

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
09:32, 2026 ж. қаңтардың 6 кезіндегі Altynay Muftalova (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Виктория Доун Джастис (Үлгі:Lang-en) — америкалық актриса, әнші, модель. 1993 жылы 19 ақпанда Флоридада Сирена мен Зак Джастистардың жан-ұяларында дүниеге келеді. Викторияның қанында ирландық, фрацуздық және ағылшындық қан кездеседі. Сегіз жасқа толғанда өзінің өмірін өнер әлемімен байланыстыратынын ата-анасына хабарлаған болатын. Өзінің өнер жолын модель бизнес жолынан бастаған. Қысқаша жарнамаларда түскен («Ralph Lauren», «Gap and Guess» «Toast Crunch» и «Ovaltine»). Викторияның Мэдисон 1996 атты сіңлісі бар. Викторияның жан-ұясы Калифорнияға 2003 жылы көшіп келген. 2005 жылы Виктория тыңдаудан өтіп Лос Анжелестегі өнер мектебіне оқуға түсті. Актёрлік мансабынан бөлек, Виктория музыкалық қызметпен де айналысады.

Кино әлемінде

Алғаш рет Виктория «Девочки Гилмор», «Всё тип-топ, или жизнь Зака и Коди», «Любовь вдовца» атты фильмдерде эпизодта 10 жасынан ойнаған болатын. Викторияның атағын шығарған фильмдер «Виктория - победительница», АйКарли», «Зоуи 101» және тағы басқалары. Ол түскен фильмдерді көбінесе Nickelodeon каналынан көрсетеді.

Дискографиясы

  • «A Thousand Miles» (2007)
  • «Make It Shine» (2010)
  • «You’re the Reason» (2010)
  • «Finally Falling» (2010)
  • «Tell Me That You Love Me» (2010)
  • «Freak the Freak Out» (2010)
  • Favorite Food» (2011)
  • «I Want You Back» (2011)
  • «Song to You» (2011)
  • «Beggin' On Your Knees» (2011)
  • «Best Friend’s Brother» (2011)
  • «All I Want is Everything» (2011)
  • «365 Days» (2011)
  • «It’s Not Christmas Without You» (2011)
  • «Countdown» (2012)
  • «Take a Hint» (2012)
  • «Make It in America» (2012)
  • «Here 2 Us» (2012)
  • «Gold» (2013)
  • «Caught Up In You» (2013)
  • «Shake» (2013)
  • «Girl Up» (2013)

Қызықты Фактілер

Викторияны өмірде атақты актриса Нина Добревпен шатастырады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер