Нородом Сианук

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:03, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Norodom Sihanouk (1983).jpg
Нородом Сианук (1983)

Нородом Сианук(31.10.1922 ж.т., Пномпень)- принц, Кампучияның мемлекеттік және саяси қайраткері. 1941-1955 ж . Камбоджаның королы. Талай рет Камбоджа Министрі Кеңесінің председателі болып тағайындалды. 1960 ж. мемлекет басшысы болып сайланды. Бейбітшілік, бейтараптылық, кеңес елдерімен достық қатынасты өрістету саясатын жүргізді, ел ішінде бірсыпыра прогресшіл әлеуметтік- экономикалық шараларды жүзеге асырды. 1970 ж. 18 наурызда Камбоджа мемлекетінде төңкеріс жасалуына байланысты эмиграцияда болды. 1970 ж. мамырда құрылған Камбоджаның ұлттық біртұтас майданын басқарды.Азаттық әскері 1975 жылдан 1- жартысында елден американ испериалистері мен оңшыл күштерді қуып шығып, Камбоджаның тәуелсіздігін қалпына келтіргеннен кейін, Сианук Нородом қайтадан мемлекет басшысы болып сайланды. 1976 ж, 5 сәуірде отставкаға шықты.

Қолданылған әдебиет

Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 147 бет