Шортанды (Шортанды ауданы)
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Шортанды — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы кент, темір жол бекеті, аудан (1939 жылдан) және Шортанды кенттік әкімдігі орталығы.
Географиялық орны
Облыс орталығы - Көкшетау қаласының оңтүстік-шығысында 225 км жерде, Дамса өзенінің жағасында орналасқан.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 7178 | Үлгі:Құлдырау6268 | Үлгі:Өсім6562 | 104,7 | 3032 | Үлгі:Өсім3226 | 106,4 | 3236 | Үлгі:Өсім3336 | 103,1 |
Тарихы
Іргесі 1929 жылы Көкшетау – Ақмола темір жолының салынуына байланысты станса ретінде қаланған.
Кәсіпорындары
“Арман” жиһаз өндірістік бірлестігі, “Кристалл” ЖШС-і, “Шортанды элеваторы”, “Мол-Достық”, “Құнарлылық” АҚ-тары, “Автомобилист” ЖШС-і, “Шортанды мұнайбазасы” АҚ, аудандық көлік кәсіпорны, тұрмыстық үйі, баспахана, т.б. жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
Мектепке дейінгі 5 балалар мекемесі, 3 орта мектеп, мәдениет үйі, 3 кітапхана, кинотеатр, стадион, аурухана, фельдшерлік-акушерлік пункт, кафе, сауда орталығы бар. Шортандыдан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты орналасқан. Кент арқылы Астана – Петропавл автомобиль және темір жолдары өтеді.