Қарқара (Қарқара ауылдық округі)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:03, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына ҚарқараАлматы облысы Кеген ауданындағы ауыл, Қарқара ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы — Кеген ауылынан оңтүстікке қарай 16 км-дей жерде, Қарқара өзенінің жағасында, бұта аралас жусан, бетеге, боз, сұлыбас, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен қызғылт қоңыр, қара топырақты тауалды жазығында орналасқан.

Халқы

Саны (1999, 2009, 2021)<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref><ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
2446 Үлгі:Құлдырау2152 Үлгі:Құлдырау1694 78,7 1092 Үлгі:Құлдырау877 80,3 1060 Үлгі:Құлдырау817 77,1

Тарихы

Ауылдың іргесі 1929 жылы қаланған. 1997 жылға дейін сүт өндіретін Қарқара кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Қарқарада және округке қарасты Ереуіл, Мыңжылқы ауылдарында ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы

Орта, орталау, бастауыш мектептер, кітапхана, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, тағы басқа мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы катынасады.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Кеген ауданы елді мекендері