Жұмыскер (Қарағанды облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:03, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына ЖұмыскерҚарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Тағылы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде.

Халқы

Саны (1999, 2009, 2021)<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref><ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
1007 Үлгі:Құлдырау788 Үлгі:Құлдырау667 84,6 412 Үлгі:Құлдырау341 82,8 376 Үлгі:Құлдырау326 86,7

Тарихы, шаруашылығы

Іргесі ұжымдастыру кезінде 1933 жылы қаланған. Округ аумағында 20 ғ-дың 1930-1960 жылдары аралығында Қызылту, Қарасаз, Абай ұжымшарлары ұйымдастырылған. 1960-1990 жылдары Октябрьдің 40 жылдығы атындағы кеңшардың және Тағылы ауылдық кенесінің орталығы болды. Жерінің жалпы ауданы — 500,0 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — етті мүйізді ірі қара өсіру, қосымша саласы – жылқы шаруашылығын өсіру.

Инфрақұрылымы

Округтің елді мекендерінде (Жұмыскер, Қойтас, Қызылту ауылдары) 4 мектеп, ФАП, клуб, кітапхана. Кеңшар негізінде 52 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Ақадыр т. ж. стансасы 60 км жерде.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Шет ауданы елді мекендері