Абай ескерткіші (Астана)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Өнер туындысы Абай ескерткіші Астана қаласында 2010 жылдың 19 маусымында ашылды.<ref>Абай ескерткіштері — Электрондық кітапхана.</ref>
Ол Абай даңғылы мен Бейбітшілік көшесі қиылысында орналасқан.
Таза қоладан құйылған мүсіннің салмағы — 10 тонна. Абай мүсінінің биіктігі 7,55 м, тұғыры мен стилобатымен қосқанда — 17,75 м. Туындының авторы — мүсінші Болат Досжанов.<ref>Абай – Астана төрінде — «Ана тілі», 23.06.2010.</ref> Абай ескерткішінің алды қала тұрғындарының демалып, серуен құратын сүйікті алаңына айналды. Және ұлы ақынның туған күніне орай жыл сайын бұл жерде Абай оқулары өткізіледі.