Жамантөбе

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жамантөбе – орта ғасырлардан сақталған қоныс орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданындағы Отырар қаласы орнынан шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан.

Сипаты

1969-1977 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген.
Кең көлемді қазба жұмыстары жүргізілмеген. Ортағасырлық қалалық мекендердің ғылыми жүйесі бойынша Жамантөбе қонысы «алаңқайлы төбелер» түріне жатады. Ғылыми сипаттамасы сыртқы ерекшеліктері мен жер бетінен жиналған қыш үлгілеріне негізделген. Ескерткіш пішіні жағынан диаметрі 60 м, биіктігі 5 м, үсті тегіс төбешік. Осы төбені айнала өтетін төменгі алаңның пішіні дөңгелек, диаметрі 160 м, биіктігі 2,5 м. Зерттеу барысында табылған қыш ыдыстардың дені ернеуі созылыңқы жасалған құмыра сынықтары. Көршілес Отырар қаланың қышымен салыстыра отырып ғалымдар Жамантөбе қонысын VIII-X ғасыларға жатқызады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер