Құмиян

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:04, 2025 ж. қыркүйектің 12 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Құмиян қалашығы – XII-XIII ғасырлардан сақталған қала орны, Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15,7 км жерде, Сырдарияның құрғап қалған арнасынан 3-4 км қашықтықта орналасқан.

Зерттелуі

Қалашық туралы алғашқы ескертпелерді 1900 жылы В. Каллаур келтірген. 1969-70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (К.А. Ақышев) ашып, зерттеген. 2004 жылы ХҚТУ (М. Елеуов) анықтап, суретке түсірген.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011.– 504 бет. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Сипаты

Құмиян тік төртбұрышты қамал қала. Көлемі 210x180 м, қорғанның кейбір сақталған биіктігі 5-6 м. Дуалының ені 3 - 3,5 м, онтүстік жағындағы екі бұрышында мұнараның құлаған орны 2,5 м төбе болып жатыр. Қорғанның құрылыс жүйесіне қарағанда төрт жағында бес-бестен мұнара болған. Мұнаралардың арасы 35 м. Қақпасы оңтүстік-шығысында. Қорғанның сыртында айналдыра ені 8 м, тереңдігі 1,5-2 м ор бар.
Құмиянның ортасында көлемі 45x45 м цитаделі сақталған. Алайда екеуінің ішінде ешбір құрылыстың ізі байқалмайды. Дегенмен солтүстік-батыс жағындағы бұрышта шағын ғана төбенің орны байқалады. Соған қарағанда шаһристан ішінде құрылыс жүйелері болған деген ой тудырады.
Қала үстінен теріп алынған қыш ыдыстардың ернеуінде жапсырылған жиектері, су тасуға арналған құмыралардың тұтқалары әсем жасалған. Ас ішуге қажетті ыдыстардың түптері дөңгелек. Олардың көпшілігінде ақ ангобаның үстінен көк, қоңыр сырмен өрнектер жүргізілген. Ыдыстардың сырлары Отырар қаласының он бірінші мәдени қабатынан алынған ыдыстарға ұқсас.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте