Шұрық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:37, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шұрық – мал жайылымдық шұрат жер. Алматы облысы Көксу ауданы, Кербұлақ аудандары малшыларының күзгі және көктемгі мал жайылымы. Алғабас ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 100 км жерде. Негізінен шөлге төзімді изен, жүзгін, жусан, бетеге, теріскен, ақселеу, ебелек, сай-жыраларда бидайық, қарабас өседі. Топырағы бозғылт сұр әрі құмайтты. Осыған байланысты көктемгі қар суынан, жазда-күзде жауған жаңбырдан жер беті оңай бұзылады. Жауыннан кейін сай, ор-шұңқырлар пайда болады. Осындай ерекшелігіне байланысты аты да “Шұрық” деп аталған. 1921 – 1922 ж. Қазақстанда жүргізілген аграрлық реформа тұсында осы шұрықта болған оқиға туралы жазушы К.Тоқаевтың “Шұрық шұратында” деген деректі әңгімесі бар.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub