Барсбек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:36, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Барсбек, алып Білге – 8-ғасырдың басында Енесайдағы Қырғыз қағандығының басқарушысы. Екінші Шығыс Түрк қағандығының басқыншыл саясатына қарсы күресу үшін өзінің Ерен-Улуг деген елшісін басшы қылып, өкілдерін Тибетке және басқа елшілерін болса Қытайға және Түргеш қағандығына жіберген. Барсбек 711-ж. түргештердің басшысы Сақал қаған м-н бірге шығыс түрк қағандығына қарсы ұрысқа даярланған, бірақ Шығыс түрк қағаны Қапаған теңізінен Көгмөн тауын асып, Барсбектің Енесайдағы ордасына қапыда қалдырған. Барсбек 711-ж. қырғын соғыста батырлықпен күресіп жатып құрбан болған. Қазіргі таңда Қырғызстанда Барсбек есімдері балаларға жиі қойыла бастады.

Үлгі:Суретсіз мақала