Зайсан уезі қазақтарының съезі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:36, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Зайсан уезі қазақтарының сиезі - 1917 жылдың 7-11 қыркүйек аралығында өтіп, онда 8 мәселе бойынша 18 пункттен тұратын қаулылар қабылданды. Олар: азық-түлік, керек-жарақ туралы; қазақ халқын оқытып, тәрбие беру туралы; халықты ағарту жолына салық алу туралы; шаруашылық школдар туралы; земство туралы; жер туралы. Екінші Зайсан уездік қазақ сиезі 1918 жылдың ақпан айында болды. Сиезде қазақ істерін қазақ өкілдері басқару керектігі айтылып, осы мақсатта «Алаш ұраны» атты ұйым ашылғаны, ұры мен ел бұзушыларға тыйым салыну қажеттігі туралы қаулы қабылданып, 28 баптан тұратын ереже жасалды.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub