Басымдық
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Басымдық, доминанта (латынша domіnans — басымдық, үстемдік ету) — әр түрлі салада қолданылатын термин:
- Басымдық Әдебиетте Үстемдік етуші идея; бір нәрсенің негізгі белгісі немесе оның маңызды құрамдас бөлігі;
- Басымдық Физиологияда — адамның және жануарлардың орталық жүйке жүйесіндегі белгілі бір аймағының күшті қозу нәтижесінде басқаларына уақытша басымдық танытып, үстемдік көрсетуі. Басымдық принципін орыс ғалымы А.А. Ухтомский ашқан (1923). Жүйке жүйесінің Басымдық қасиетіне күшті қозған аймақтың басқа аймақтардан қозу толқынын өзіне тартатын және басқа рефлекторлық актілерді уақытша тежеп тастайтын қабілеті жатады. Яғни, мидың күшті қозған бөлігі өзінен басқа әлсіз қозған процестердің (импульстардың) қуатын тартып алады да, соны қорек етіп күшейеді. Басымдықтың қоректік, сақтық, жыныстық, т.б. түрлері болады;
- Басымдық Музыкада — мажор мен минордағы тональды дыбыстардың тониканы күшейту қызметі. Басымдық аккордтарының негізін ладтың 5-сатысындағы үш дыбыстылық құрайды. Басымдық қызметін лад тудырған аккордтар да атқара береді.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
- Басымдық құқық бойынша — уақыттың алдын ораушылық; басымдыққа ие мән, ереже, құқық; қайсыбір жаңалықтағы, өнертабыстағы бірінші болушылық.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>
Дереккөздер
<references/>