Балға (машина)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Балға — металл дайындамаларды қысыммен өңдеуге арналған машина. Ол жетегінің түріне қарай: булы-ауалы (будың не сығылған ауаның әсерімен жұмыс істейді), пневматикалық (жұмыстық және компрессорлық поршеньдердің арасындағы ауаның сиреуі мен сығылуы нәтижесінде қосылады), механикалық (жылжымалы бөлігі қозғалтқышқа мех. жолмен жалғастырылған), гидравликалық (жоғары қысымды сұйықтықтардың әсерімен қозғалады), т.б. болып бөлінеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>