Бағбан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бағбан - бау-бақша күтуші, баптаушы адам.

Бағбан баудағы жеміс ағаштарын уақытында суарып, түбін қопсытып, арам шөптерден тазалап, көктем және күз мезгілінде артық бұтақтарын кесіп сиретіп, ағаштың дүрыс өсіп қалыптасуына көңіл бөледі <ref>Перковский С.П.Положение и развитие садоводства и его отраслей в Верненском уезде // ТС. Т.564. Ташкент, 1915</ref>.

Жеміс ағаштарының өнімі осы бағбанның күтіміне байланысты. Бағбанның ағаш бұтақтарын кесуге, көктем мен күзде әртүрлі ағаш бұтақтарын бір- біріне будандастыруда, жеміс ағаштарының сапасын арттыруда қолданатын бағбан пышақ, өткір қайшы, қолара, кетпен-шот, тырма сияқты құралдары болады. Қазақы ұғымда бағбанды бақбек, бақпан деп атау да кездеседі. Бағбандық кәсіп көбінесе бау-бақша өсіруге қолайлы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде кең тарады <ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub