Әуетаяқ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әуетаяқ - ертеде балалар қой жаюға шыққанда көктем, күз мезгілдерінде ойнайтын ұлттық ойын түрі. Ойын кең, үлкен алаңда ойналады, оған 2 адамнан 10- 12 адамға дейін қатысуға болады және ойыншылар жұптасып бөлінеді. Жүргізуші бірінші жұпты шақырып, оларға жұмыр таяқ ұстатады, таяқтың ұзындығы 80 см, диаметрі 2-З см. Бірінші ойыншы 3-4 метр жерге ұзақтап, таяқты жоғарылата алға қарай лақтырады. Ал екінші ойыншы іле-шала қолындағы таяғын дәлдеп, ауадағы таяқты нысанаға ала лақтырады. Таяқ лақтыруды және оны көздеуді жеребе бойынша жүргізеді. Екі топқа бөлініп ойнаған ойыншылардың қайсысында дәл тигізгендері көп болса, соған ұпай беріледі де, жеңімпаз болып саналады. Жеңілген топ белгіленген жерге дейін жүгіреді немесе бірнеше өлең айтып, айыбын өтейді. Кейде жеңген топ жеңілгендерді таяқпен ұру арқылы да айып өтеу тәсілін қолданады. Жазық далада, таза ауада ойналатын әуетаяқ ойыны балаларды дәлдік пен шапшаңдыққа, жылдамдыққа баулиды және дене бітімін шыңдайды. Бұл ойын түрі қазақтар арасында кеңінен таралған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub