Аш тию
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аш тию - көзі өткір, көзі тигіш назаргерде адамның жас балаға тіл-көзі тиюі. Аш тиген (тіл-кез тиген) бала шырылдап жылап, ұйқысы бұзылып, мазасы кетеді. Егер де балаға аш тиген болса, аштайтын адам есінеп-құсьшап мазасы қаша бастайды. Аш тиген баланы көбінесе жасы үлкен әйел аштау жасап, емдейді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>