Ақ құйып шығару
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ақ құйып шығару (салт, ырым). «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» (мәтел). Халқымыз ақты жерге төкпейді, аяққа баспайды. Ал кейде сол ақты жерге төгетін де ырымдар бар. Мысалы, қалың өрт келгенде алдына ақ шашады. Сол сияқты үйге жылан кіріп кетенде де оның басына ақ (сүт не айран) құйып, үйден шығарып барып өлтіреді. Мұндай әдет халықтың өз аулына немесе үйіне келген дос, дұшпанына да алдымен құрметпен қараудан шыққаны болуы керек. <ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>Үлгі:Stub Үлгі:Wikify