Балетмейстер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Балетмейстер (нем. balletmeіster — білгір, шебер) — балет, опера, оперетта, кинофильмдердегі, әртүрлі шоулардағы би нөмірлерінің авторы және қоюшысы. Балетмейстер музыка мен қозғалысты пайдалана отырып, айқын хореографиялық бейнелер құрады. Балетмейстер безендіруші - суретшімен, композитормен, дирижермен, сценарий авторымен, концертмейстермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Балетмейстер-қоюшыдан басқа Балетмейстер-репетитор мамандығы бар. Ол бұрынғы қойылымдарды жаңартады, Балетмейстер-қоюшының шығарған хореографиясына жаттықтырады. Қазақстанның алғашқы балетмейстерлері — А.А. Александров, Ш. Жиенқұлова, Д. Әбіров. Қазақстанда 1994 жылдан Қазақ театр және кино институтында Балетмейстерлер дайындайтын бөлім жұмыс істейді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub