Сүтақы кәдесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:12, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сүтақы кәдесі – қалыңмалдың құрамдас бір бөлігі ретінде күйеудің қалыңдық анасына арнайы беретін сыйлығы. Сүтақы ретінде әр түрлі бағалы заттар, киім-кешектер сыйға тартылады. Сүтақыны құдалар қалыңдықты алуға барғанда арнайы салтанатпен, тойға немесе шығарып салу рәсіміне жиналған ауылдастары, туыстары алдында жұртқа көрсетіп, арнайы атап берген. Бұл кәде шешесінің қызды (қалыңдықты) бағып, тәрбиелегені үшін күйеу тарапынан алғыс білдіру ниетінен бастау алған жоралғы.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub