Ұсқынсыздық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:08, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ұсқынсыздық - мәнісі әсемдікке қарама-қайшы ақиқат құбылыстарын сипаттайтын эстетикалық категория.Ұсқынсыздық адамның осы құбылыстарға теріс көзқарасынан көрініс табады. Әсемдікпен салыстырғанда қоғамдық қатынастарда Ұ. мәс., әлеуметтік жағдайлардың адамның өмірлік күштерінің емін-еркін пайдалануы мен гүлденуіне бөгет болуынан, олардың шектеулі, сорақы - сынаржақты дамуынан, эстетикалық мұраттың жойылуынан байқалады. Ұ. адам болмысына өзінен-өзі қайшы келіп, бұрмаланған, адамға жат түрінде көрінеді. Нағыз өнерде Ұ-ты бейнелеу дегеніміз сұлулық мұратын орнықтырудың өзгеше бір формасы.

Дереккөздер

<ref>Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"</ref>