Төлеу Әмірханов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Төлеу Әмірханов (10 сәуір 1941 жыл, Павлодар облысы, Май ауданы, Май ауылы - 2000 жыл Павлодар қаласы)- тарихшы-тілші, тележурналист.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

Қазақ пединститутын бітірген (1965). Май ауылында орта мектеп мұғалімі (1965-1973) болған, Май ауданы партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі (1973-1980) ретінде жұмыс істеген, Аманкелді орта мектебінде директор (1980-1981), Май ауданы "Шамшырақ"-"Маяк" газетінде редактордың орынбасары (1981-83), Павлодар облысы телерадиокомитетте редактор 1983-93) болып, "Жаналықтар" ақпараттық редакциясында қызмет еткен. "Адам және заң", "Апта экраны" бағдарламаларының авторы. Облыстық Журналистер одағы сыйлығының иегері.

Дереккөздер

<references/> 

Үлгі:Суретсіз мақала