Кәдірбек Сегізбайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сегізбайұлы Кәдірбек (1941 жылы туған) — баспагер, журналист, жазушы. Лақап аты – К. Саянов.<ref>Қазақстан жазушылары. Анықтамалық. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1982, 209-шы бет</ref>

Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>.

  • Еңбек жолын "Лениншіл жас" газетінде әдеби қызметкер, бөлім бастығы болып бастады.
  • Одан кейін "Білім және еңбек" журналында жауапты хатшы (1974—77).
  • "Жалын" альманағы мен "Жалын" баспасында бас редактордың орынбасары (1977—86)
  • Қазақ энциклопедиясы бас редакциясында бөлім меңгерушісі (1986-90)
  • "Санат" баспасында бас редактор (1990—95) болды.
  • 1995-2004 жылы "Атамұра" баспа корпорациясында корпорация президентінің бірінші орынбасары, баспа директоры, вице-президенті қызметтерін атқарды.

К.Сегізбайұлы отыз жылға жуық баспа саласында еңбек етті. Өзі жұмыс істеген баспаларда атқарылған қат-қабат жұмыстың бел ортасында жүрді, істі оңтайлы ұйымдастыра білетін басшы ретінде таныла білді. "Атамұра" баспа корпорациясы құрылған күннен бастап тарихи-танымдық, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға арналған, сондай-ақ жекелеген көркем шығармалар жинақтарын, көп томдық "Қазақстан тарихы" және "Абай тойы", "Ақмола", "Маңғыстау", "Атырау" энциклопедияларын жарыққа шығарды. Орта мектептерге арналған жаңа буын оқулықтарын қазақ, орыс, ұйғыр, ішінара өзбек тілдерінде әзірлеп-шығаруда ұшан-теңіз жұмыс атқарды. Онда, басшылардың бірі ретінде, К.Сегізбайұлының да зор еңбегі бар.

  • Қазақстан Жазушылар, Журналистер Одақтарының мүшесі.
  • Оннан астам әңгіме, хикаяттар жинақтарының, романдардың авторы. 7-8 алыс-жақын шетел тілдерінде жекелеген кітаптары, шығармалары аударылған. Шетел жазушыларының бірқатар кітаптарын қазақ тіліне аударған.
  • Kөркем шығармалардың республикалық жабық конкурсының екі дүркін бірінші және екінші жүлдесіне ие болған.
  • 1984 жылы "Біз қалада тұрамыз" жинағы үшін М.Әуезов атындағы сыйлық берілген.
  • 2001 жылы "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала