Әмина Шалабаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шалабаева Әмина (1916-1994)Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданының Ақмола ауылында туган. Бастауыш мектепті бітіргесін, 1932-1934 жж. Омбы қаласына қарайтын Шарбақты ауданындағы Қызылағаш аулында жаңадан ұйымдасқан бірлестікте тәбілші болған.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

1934-1938 жж. Алтай өлкелік "Қызыл ту" газетінде (Новосібір қаласында шығып тұрған) кор¬ректор боп істеген. 1940-1944 жж. Алматы педагогика училищесінде оқыған. Осы кезеңде қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарған. 1948 жылы Алматы мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтын бітірген. А.С.Пушкин атындағы республикалық кітапханада, 1949-1956 жж. "Қазақ елі" ("Жаңа өмір") журналында, 1956-1973 жж. "Жазушы" баспасында қызмет істеген. Алғашқы бір топ өлеңі жас ақындардың "Жас канат" жинағында жарияланган. Тұңғыш жинағы "Менің қарлығашым" 1962 жылы шыққан.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала