Жұмабай Ахметұлы Орманбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:57, 2020 ж. қаңтардың 24 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Жұмабай Ахметұлы Орманбаев
Қызметі журналист, жазушы.
Туған күні 1906
Туған жері Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы
Азаматтығы Үлгі:KAZ
Қайтыс болған күні 1985
Қайтыс болған жері
Марапаттары

Жұмабай Ахметұлы Орманбаев (19061985) – журналист, жазушы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының түлегі. 1927 жылы Орта Азия коммунистік университетін бітірген.

Қызмет жолы

  • Ташкентте студенттердің "Кедей айнасы" журналының редакторы, әрі университет комсомол ұйымының хатшысы.
  • 1927−1935 жылдары "Лениншіл жас" (Қызылорда), "Еңбек майданы" (Қарқаралы), "Сыр бойы" (Қызылорда), "Колхоз жолы" (Көкшетау), "Ленин туы" (Петропавл), "Қарағанды пролетариаты" (Қарағанды) газеттерінде редактор болды.
  • 1941−1966 жылдары Ақмола облысы "Коммунизм таңы" газеттерінде, "Жаңа өмір" журналында істеді.

Еңбектері

1928 жылы − "Жылқышылар", 1967 жылы − "Қос басшы", 1968 жылы − "Шопан Дадеш", 1972 жылы − "Тұзақталған шортан" атты кітаптары жарық көрді.<ref>"Қарағанды. Қарағанды облысы" энциклопедия. Алматы, Атамұра 2000 ж.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер