Оразымбет Есентайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Оразымбет Есентайлақұлы (1870, қазіргі Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылы – 1933, Жалағаш ауданы) – халық ақыны. Ауыл молдасынан оқып, сауатын ашқан және дін жолын жақсы игерген. Жасынан өлең шығара бастаған. Өзінің аталасы Балқы Базардың шәкірті. Ол Қарасақал Ерімбет, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы сынды саңлақтармен үзеңгілес болып, Сыр сүлейі атанды. Оразымбет Есентайлақұлы шығармалары ел арасына ерте тарай бастаған. Оның қолжазбасынан ел аузында сақталған «Құдай-ау, болсам деймін ақылға бай», «Балқы Базар туралы толғау», «Бұл хатқа құлағың сал Берден інім», т.б. өлеңдері белгілі.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала