Ибн Нажиб Бакран
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ибн Нажиб Бакран, Мұхаммед (12 ғасыр 2-жартысы – 13 ғасырдың 1-жартысы) – парсы географы, тарихшы. Ол Хорезмшаhы Мұхаммед ІІ Алла ад-Динге Әлем картасын жасап (1208), оған «Жаhаннама» (Әлем кітабы) атты трактат жазған. Бұл шығармада автор Орта Азия мен Қазақстан географиясы және тарихы жайлы құнды мәліметтер келтіреді. Сонымен қатарда шығармада қарлұқтар, оғыздар, қаңлы, кимек, хазарлар туралы қызықты мағлұматтар баяндалып, Шу мен Талас өңіріндегі Баласағұн, Барсқан, Құлан, Меркі қалалары жайлы деректер берілген.
Шығармалар
Мұхаммед ибн Наджиб Бакран, Джахан-наме, М., 1960.
Сыртқы сілтеме
<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>