Тұрдықылыш Ізтай
Тұрдықылыш Ізтай (30 маусым 1949 — 18 ақпан 2020<ref>https://kaz.nur.kz/showbiz/1841480-jgili-nurikamal-nini-avtory-kajtys-boldy/</ref>, Түрікменстан, Тахтабазар ауданы) – Үлгі:Сазгер. Қазақстан Композиторлар одағы облыстық филиалының директоры болды.
Өмірбаяны
Адай руынан шыққан. Шымкент музыка училищесін (1968), Құрманғазы атындағы консерваторияны (1973), Ленинградтағы Н.К. Крупская атындағы мәдениет институтының аспиратурасын (1993) бітірген. 1973 – 1994 ж. Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтының халық аспаптар кафедрасының доценті. 1994 ж. Ш.Қалдаяқов атындағы облысы филармонияның көркемдік жетекшісі, халық аспаптары оркестрінің дирижері.
Шығармашылығы
Ол 20-дан астам ғылыми және оқу әдістемелік жұмыстардың авторы. Әндері жеке альбом болып «Махаббат – өмір» деген атпен жарық көрді. Халықаралық, республика, облыстық байқаулардың лауреаты. Облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталған, облыс әкімі белгілеген «2000 жылдың ең үздік композиторы» атанған.