Нағашыбай Аманғалиұлы Шайкенов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:09, 2022 ж. қаңтардың 23 кезіндегі AlibiKazken (Талқылауы) істеген түзету
Шайкенов Нағашыбай Аманғалиұлы (6 наурыз 1947, Ресей, Орынбор облысы — 25 наурыз 2000, Алматы) — заңгер-ғалым, мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы (1992), профессор.
Өмірбаяны
Кіші жүздің Жағалбайлы руынан<ref>https://abai.kz/post/55971</ref>. Свердлов заң институтын (1974) және аспирантурасын (1977) бітірген. Құқық және мемлекет теориясы саласының маманы.
- 1977 — 1987 жылы Свердлов заң институтының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті.
- 1988 — 1992 жылы КСРО Ғылым Академиясының Урал бөлімшесінің Философия және құқық институтының (Свердловск) аға ғылым қызметкері,
- 1992 жылы — ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің экономикалық кеңесшілер басшысының орынбасары,
- 1992 — 1993 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі,
- 1993 — 1995 жылы ҚР Әділет министрі,
- 1995 — 1996 жылы ҚР премьер-министрінің орынбасары,
- 1996 — 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінің ректоры болып қызмет атқарды.
Шайкенов Қазақстандағы құқықтық реформаның авторы ретінде танылды. ҚР Тұрақты дамыту жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі (1997 — 1998) болды.
Марапаттары
- “Парасат” ордені (1999).<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>
Шығырмалары
- Основы правовых знаний, М., 1991;
- Правовое облеспечение интересов личности, Свердловск, 1992;
- Договорное обеспечение бизнеса, ауылы , 1995.