Жаролла Сағынтаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жаролла Сағынтаев (1907 жылдары туған, Батыс Қазақстан облысы) – қоғам қайраткері. 1939 – 42 жылдары еңбекшілер депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысы кеңесі атқару комитетінің төрағасы. Қазақ медицина техникумын бітірген. 1931 – 33 жылдары Қазақ өлкелік комитеті астық секторының, ауылы шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, 1933 – 36 жылдары Қазақ Орталық атқару комитетінің, Қазақ КСР Жоғары Кеңесі төралқасының жауапты хатшысы, нұсқаушысы болды. 1938 – 39 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1942 жылдан Қазақстан КП ОК-нда қызмет атқарды.

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub